Қытайдан көлік әкелемін деп алдаған: Астанада автосалонның бұрынғы директоры сотталды

Автокредитование, автокредит, кредит на автомобиль, покупка автомобиля, кредит на машину, покупка машины, автострахование, страхование автомобиля, страхование машины, страховка на авто, страховка на машину , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2026 13:44 Фото: freepik
Астанада Қытайдан көлік алғысы келген клиенттерін бір жыл бойы алдап, ақшасын иемденген автосалонның бұрынғы басшысына үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам клиенттермен көлік сатып алу және жеткізу үшін алдын ала брондау шарттарын жасасқан.

Алайда сатып алушылардан алған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ал жәбірленушілерге ақша аударылғандай етіп көрсететін жалған банк түбіртектерін ұсынған.

Сотталушының әрекетінен алты адам зардап шеккен. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 128 млн теңгеден асқан.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот автосалонның бұрынғы директорын 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Ақшаны өндіріп алу туралы азаматтық талаптар толық қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген үш қазақстандықтың Біріккен Араб Әмірліктерінен (БАӘ) елге қайтарылғаны туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: