Түркістан облысында полицей әйелдің 5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды

Пожилые люди, пожилой человек, пожилой, пожилая, пожилые, пенсионеры, пенсионер, пенсия, пенсионный возраст , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2026 14:26 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында полиция қызметкері алаяқтарға ақша аудармақ болған 59 жастағы әйелді дер кезінде тоқтатты. Осылайша оның 5 млн теңгесінен айырылып қалуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға кезінде қызметтен тыс уақытта жүрген полицей Шерхан Қалтұрсын банк терминалының алдында күмәнді қаржылық операция жасап жатқан әйелді байқап, мән-жайды анықтаған.

Белгілі болғандай, алаяқтар әйелге телефон соғып, туыстарына пошта арқылы сыйлық келгенін айтқан. Оның сеніміне кіргеннен кейін телефонына келген кодты сұрап алған. Осыдан соң әйелдің атына 5 млн теңге несие рәсімдеп, қаражатты өздеріне аудартуға әрекет жасаған.

Алаяқтарға сенген әйел олардың нұсқауын орындау үшін банкке барған. Шерхан Қалтұрсын оған алаяқтардың арбауына түскенін түсіндіріп, ақша аудару операциясын тоқтатуға көмектескен.

Полицейдің қырағылығы мен дер кезінде араласуының арқасында 5 млн теңге алаяқтардың қолына түспеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: