Қанат Құлшыманов президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директорын ауыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың 2026 жылғы 20 қазандағы хабарламасына сәйкес, Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалып, бұрынғы лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының тағы бір өкімімен Асқар Омаров аталған қызметтен босатылды. Ол Орталық коммуникациялар қызметін 2022 жылғы қыркүйектен бері басқарған.
Қанат Құлшыманов 1987 жылғы 5 қыркүйекте Қостанай облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Журналистика" мамандығы бойынша бітіріп, 2008 жылы бакалавр, 2010 жылы магистр дәрежесін алған. Философия докторы (PhD).
Еңбек жолын 2007 жылы "ҚазАқпарат" ұлттық компаниясы" АҚ саяси және құқықтық ақпарат секторының тілшісі болып бастаған.
Әр жылдары "Қазконтент" АҚ ақпарат агенттігінде журналист, Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Премьер-министрдің баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы болып жұмыс істеген.
2025 жылғы 11 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Евгений Кочетовті Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript