Құжатта – мыс, құрамында – алтын: кенді заңсыз әкету схемасы әшкереленді

Құрамында алтыны бар кенді мыс кені ретінде әкеткен: ҚМА 1,5 млрд теңгелік заңсыз схеманы әшкереледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 09:45 Сурет: Telegram/afm_rk
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Жетісу облысы бойынша департаменті жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын, құрамында алтыны бар 2,6 мың тонна кенді елден заңсыз әкету арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы агенттіктің бүгін, 2026 жылғы 22 қазанда таратқан хабарламасынан белгілі болды.

"Шикізатты тасымалдау үшін пайдаланылған кедендік құжаттарда тауар "мыс кені мен концентраттары" деп көрсетілген. Бұл оның нақты құрамын жасыруға мүмкіндік берген. Кейінгі жедел-тергеу іс-шаралары барысында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы қоймалардан ірі контейнерлерге салынған 1000 тоннадан астам шикізат табылды", – делінген хабарламада.

Тергеу барысында экспорттаушы "RedGold Mining" ЖШС директоры, сондай-ақ заңсыз схеманы ұйымдастыруға қатысы бар өзге де тұлғалар анықталды.

"Екі күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", – деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.

Сот санкциясымен серіктестіктің ақшалай қаражатына тыйым салынды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

2026 жылғы 20 қазанда ҚМА микрокредит беру кезінде азаматтарды жаппай алдау схемасын әшкерелегені белгілі болды. "Экспресс Займ" микроқаржы ұйымында іске асырылған алаяқтық схеманың жолы Қазақстанның 18 өңірінде кесілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: