Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия халқын Ұлттық күнімен құттықтады
Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 26 қазанында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрияның Федералдық президенті Александр Ван дер Белленге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан президенті Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын ұлттық мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Аустрия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Александр Ван дер Белленге жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Аустрия халқына бақ-береке тіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript