TikTok үшін тротуарға шыққан: Таразда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 13:36 Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу дерегін анықтады.

Жарияланған бейнежазбада Lada автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен қозғалып, олардың өміріне қауіп төндіргені көрінеді.

Тәртіп бұзған азаматтың облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны екені анықталды. Белгілі болғандай, жас жігіт көлік тізгінінде отырып, ермек үшін қауіпті әрекеттерге барған.

Кейін түсірген бейнежазбаларын TikTok әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған. Аталған дерек бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция тротуардың жаяу жүргіншілерге арналғанын ескертеді. Жол қозғалысы қағидаларын елемеу орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: