Ақмола облысында автовоз жолдан шығып, аударылды: бес көлік зақымданды

Ақмола облысында автовоз жолдан шығып, аударылды: бес көлік зақымданды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 11:54 Сурет: instagram/nayza_kokshe
Жаңа автокөліктерді тасымалдап келе жатқан автовоз жолдан шығып, аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан тасымалданып жатқан бірнеше көлік зақымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, автовоз Қытайда шығарылған автокөліктерді тасымалдап келе жатқан. Оқиға 2026 жылғы 25 қарашада Астана – Атбасар – Жақсы тасжолының 300-шақырымында болған.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, FAW маркалы автовоздың жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлікті жол жиегіндегі орға аударып алған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Бес автокөлік механикалық зақымданған", – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Қазір оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданады.

Бұған дейін, 2026 жылғы 22 қарашада Қапан-Бұлақ ауылының маңында жүк көліктерінің қатысуымен жол апаты болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: