Жаңалықтар тізбегі
0

Прокурор Нұрлан Мәсімовке 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

Нұрлан Мәсімов, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2023 19:59 Сурет: видеодан алынды
Сот отырысы барысында Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке прокурор 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, прокурор сотталушыға тиесілі Алакөл жағасындағы үйді тәркілеп, 16 млн теңгені қайтаруды талап етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Павлодар облысы ПД-ның экс-басшысы ҚР ҚК-ның 366-бабының 4-бөлігі, яғни "Аса ірі мөлшерде пара алу", сондай-ақ 189-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы - "Аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру" бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп айыпталады. 

Айыптаушы тараптың нұсқасы бойынша сыбайлас жемқорлық схемасы 2020 жылы қолданылған. Көктемде генерал-майор Нұрлан Мәсімов өз орынбасарына қолдау көрсеткені үшін қаржылық көмек көрсетуге дайын адамды табуды сұраған. 

Осы жолмен ол тренажер, содан кейін қызметтік пәтеріне генератор алған. Ең үлкен "сыйлық" Алматы облысы Алакөл ауданы Ақши ауылына жеткізілген бөренелер және жалпы сомасы 86 млн теңгенің үйді жөндеу қызметі түрінде ұсынылды.

2022 жылдың 22 сәуірінде  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Павлодар облысындағы департаменті генерал-майор Нұрлан Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оған іздеу жарияланды. Антикор өңірлік ПД-ның экс-бастығының орналасқан жері туралы ақпарат бергендерге 12 млн теңге сыйақы уәде етті.

13 шілдеде Нұрлан Мәсімов жалған құжаттармен Ресеймен арадағы мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған кезде Шығыс Қазақстан облысының аумағында ұсталды.

2023 жылы 6 қаңтарда Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша алдын ала сот тыңдалымы басталды.

7 қаңтарда Павлодар облысы ПД-ның бұрынғы бастығының іс материалдары бұзушылықтарды жою үшін прокуратураға қайтарылғаны белгілі болды.

2 ақпанда Нұрлан Мәсімовтің ісі қайтадан Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілгені хабарланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: