Қостанай облысында ҰҚК есірткі заттарын тасымалдаушы ірі арнаның көзін жойды

Есірткі заттары, ірі арна, ҰҚК, Қостанай облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 20:08 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті еліміздің оңтүстік өңірлерінен каннабистік топтағы есірткі заттарының ірі партиясын тасымалдаушы арнаны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 қыркүйекте ҰҚК-нің Қостанай облысы бойынша департаментінің еліміздің оңтүстік өңірлеріне жүргізген операциясы барысында 335 келіден астам марихуана және 20 келі гашиш тәркіленді.

"Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен төрт Қазақстан азаматы ұсталды. ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды", делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: