Қостанай облысында блок-бекеттен өтпек болған жүргізуші тұтқындалды

Қамауға алынды, Қостанай облысы, жүргізуші, блок-бекет, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 21:32 Сурет: pexels
Қостанай облысында судың жайылуына байланысты көлік қозғалысы шектелген жолдағы блок-бекетті елемей өтпек болған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысында полицияның заңды талабына бағынбаған жүргізуші тұтқындалды

Полиция мәліметінше, 9 сәуірде түскі уақытта Октябрьское ауылында Ақмола облысында 600 метрлік су тасқынына байланысты орнатылған бақылау бекетінен екі Mitsubishi көлігінің жүргізушілері өтпек болған. Ал мұнда көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген.


"Жүргізушілердің бірі полицейлердің заңды талабын елемей, қызметтік көлікті соқпақ болды. Заңға бағынбағаны үшін сот оны 5 күн қамауға алу жазасын тағайындады. Айта кетейік, 5 сәуірден бастап осы ауданда су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды", делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды қабылданған шешімдерді ұстануға және құқық қорғау органдары мен құтқарушылардың жұмысына түсіністікпен қарауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: