ҚАЖД жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық: кінәлілер бас бостандығынан айырылды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон   , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2025 10:11 Фото: Zakon.kz
Қонаев қаласының соты №57 ҚАЖД мекемесінің бұрынғы бастығы П.Писарев және №12 ҚАЖД мекемесінің жедел бөлімінің бастығы Е. Бөлекбайға пара алу ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары жазасын өтеудегі сотталғандарға қамқор көрсету және оларға тыйым салынған заттарды бірнеше рет кедергісіз алып өту үшін пара алғанын дәлелдеді.

Сотпен тергеу барысында жиналған дәлелдемелер қарастырылып, П.Писарев келтірілген айыппен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал сотталушы Е.Бөлекбай келтірілген айыппен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын қылмыстық атқару жүйесінің орта қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Бұндай прецедент сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаның бұлтартпастығын көрсетеді.

Бұған дейін компаниядан 600 миллион теңгеден астам ақша жымқырған қазақстандық әйелдің бабы өзгертіліп, жазасы жеңілдетілгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: