"Бір топ адам алданған". Елордада Olx-те отыратын алаяқ ұсталды

Интернет, Астана, Olx, алаяқ  , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2025 19:17 Сурет: pexels
Елордада 40-тан астам алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды. Оның қлымысы полицияға қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғаны айтып, жазған арызынан кейін әшкере болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу кезінде алаяқтық жолмен ақша иемденген 31 жастағы тұрғынды анықтады.  

"Тергеу барысында ер адам Olx қосымшасында "жиһаз сатамын" деп алдап, дәл осындай іске қатысты 40-тан аса эпизоды бар екені белгілі болды. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық фактісі әшкереленгенін жазғанбыз. Бұл орайда Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: