Астанада LRT маңында құрылыс қоқысын төккендер жазаланды

LRT, Астана, құрылыс қоқысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 18:44 Сурет: CTS
Астана қаласының Сарайшық ауданында құрылыс қоқысын заңсыз төккендерге қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Шәмші Қалдаяқов көшесі маңындағы LRT құрылысы бойында болып, Sergek камералары арқылы анықталды. Аудандық әкімдік пен учаскелік полиция қызметкерлерінің жылдам әрекет етуі нәтижесінде құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылды.

Заңбұзушылық 505-бап "Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру" (20 АЕК) және 434-2 бап "Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау" (10 АЕК) бойынша болды.

Заңсыздыққа жол берген жүргізушілерге айыппұл салынып, құжатсыз жұмыс істеген арнайы техника айыппұл тұрағына бұғатталды.

2024 жыл басынан бүгінгі күнге дейін 121 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 091 800 теңге көлемінде айыппұл салынды. 229 ескерту жасалды.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын, қалалық аумақтағы рұқсат етілмеген орындарды қоқысқа толтыру әрекеті Заңбұзушылық болып саналатынын қатаң ескертеді.

Бұған дейін Астанада заңсыз салынған Family park тұрғын үй кешені сүріліп жатқанын хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: