Абай облысында полиция қызметкері қаза тапты

Полиция қызметкері, Абай облысы, қаза тапты, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2025 13:51 Сурет: pixabay
Абай облысында полиция кіші сержанты Айдос Айдарханұлы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабармен Абай облысы ПД бастығы - полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан Instagram-дағы ведомство парақшасында бөлісті.

"Полиция кіші сержанты Айдос Айдарханұлы туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Оның жанқиярлық еңбегі, антына адалдығы және жоғары кәсібилігі әріптестерінің және оны жеке танитын барша жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл – ішкі істер органдары жүйесі үшін орны толмас қайғы, біз сіздермен бірге қайғырамыз".Абай облысы полиция департаментінің бастығы - полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан 

Жазба астындағы пікірлерде полицейдің жол апатынан қаза тапқаны айтылады. Өзге мән-жай, әзірге белгісіз.

Бұған дейін Атбасарда жол жиегінде тұрған төрт адамды Mercedes көлігі жапырып өткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: