Мемлекеттік оқу грантын "сатып", миллиондап табыс таппақ болған елордалық келіншек тұтылды

Елордалық келіншек, алаяқтық, мемлекеттік оқу гранты, сату, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2025 18:30 Сурет: Zakon.kz
Астаналық әйел мемлекеттік оқу грантын алуға көмектесетін адамдары барын айтып, көпті алдап соққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленушілер күдіктіге таныстары арқылы шыққан. Өзіне артылған сенімді асыра пайдалана отырып, ол 20-дан астам адамды алдап соққан.

Қазіргі уақытта 22 факт анықталды, залалдың жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асады.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлерімен 36 жастағы күдікті анықталды", – деп хабарлады 2025 жылдың 2 шілдесінде құқық қорғау органы.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Бұған дейін Астанада полиция 9 алаяқтық эпизодқа қатысы бар әйелді ұстағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: