Астанада құрылыс салушылардың ұзақ жылдар бойы заңды белден басып келгені анықталды

Құрылыс, Астана, тұрғын үйлер, заңсыздық, прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2026 18:49 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Астана қаласының прокурорлары "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға қайшы, сыртқы инженерлік желілерге қатысты құрылыс салушылар тарапынан жаппай бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы құзырлы орган 2026 жылы 25 ақпанда хабарлады.

"Елорда прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесінде көппәтерлі тұрғын үйлердің едәуір бөлігінің құрылыс салушылары аталған заң талаптарын сақтамағаны және ұзақ уақыт бойы сыртқы инженерлік желілерді қаланың коммуналдық меншігіне беруді жүзеге асырмағаны анықталды. Көрсетілген міндеттің орындалмауы сумен, электрмен, жылумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тұрақсыз жұмыс істеуіне әкеліп соқты. Осының салдарынан азаматтардың коммуналдық қызметтер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүгіну саны артты, сондай-ақ инженерлік желілердің тиісті теңгерім ұстаушысының болмауы олардың уақытылы техникалық қызмет көрсетілуіне және жөндеу жұмыстарын жүргізуге кедергі келтірді". Астана қаласының прокуратурасы

Нәтижесінде қазіргі таңда Астана қаласының прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі негізінде 46 көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілері коммуналдық меншікке беріліп, тиісті қызметтердің теңгеріміне қойылды. Бұл шаралар инженерлік желілерге тиісті техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, апаттылық деңгейін төмендетуге, жоспардан тыс ажыратуларды барынша азайтуға, сондай-ақ елорда тұрғындарына коммуналдық қызметтердің тұрақты әрі сапалы көрсетілуіне мүмкіндік берді.

Бұған дейін прокуратура Алматыдағы автобус парктерінен өрескел бұзушылықтарды анықтағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: