Алматыда самокат пайдаланған 22 кәмелетке толмағанның аккаунты бұғатталды
Сурет: Zakon.kz
Алматыда жүргізілген арнайы шараның екі күндік қорытындысы бойынша қалада шамамен 150 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Ерекше алаңдаушылық туғызатыны – кәмелетке толмағандардың электр самокаттарын басқару фактілері, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көрсетілген кезеңде самокат тізгіндеген 22 жасөспірім анықталды. Барлық кәмелетке толмағандар көлік құралын басқарудан шеттетіліп, олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар кикшеринг компанияларымен бірлесіп, аталған 22 кәмелетке толмаған пайдаланушының аккаунттары бұғатталды. Бұл олардың жалға берілетін самокаттарды әрі қарай пайдалану мүмкіндігін толықтай шектейді.
"Самокат патрульдері өзінің тиімділігін көрсетті және бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Алғашқы күндердің өзінде нақты нәтижелер бар. Дегенмен, кәмелетке толмағандардың самокат басқаруы алаңдаушылық тудырады. Балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік, ең алдымен, ата-аналарға жүктеледі. Баланың тиісті бақылаусыз, тіпті электр самокаты сияқты көлік құралын басқаруына жол беруге болмайды". Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев
Полиция кикшеринг компанияларымен бірлесіп, кәмелетке толмаған пайдаланушылардың аккаунттарын бұғаттау шараларын қабылдауды жалғастырады.
Бұған дейін Абай облысында жүргізуші куәлігінсіз әрі мас күйде электровелосипед тізгіндеген жүргізуші ұсталғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript