Қазақстандықтардың цифрлық кеңістігіне қойылатын талаптар бекітілді
Фото: pixabay
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 10 маусымдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасы азаматтарының цифрлық кеңістігіне қойылатын талаптарды бекітті.
Құжатқа сәйкес, азаматтардың цифрлық кеңістігі келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс:
- азаматтың цифрлық кеңістігінде орналастырылған ақпараттың болуы мен өзектілігін көру;
- пайдаланушы алған мемлекеттік қызметтердің тарихы журналын қарау;
- операциялардың мәртебесі мен маңызды оқиғалар туралы push-хабарлама, SMS және (немесе) электрондық пошта арқылы міндетті түрде хабардар ету;
- хабарламалар мен қауіпсіздік параметрлерін басқару;
- электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) ашық кілт сертификатын кері қайтарып алу функциясын пайдалану.
Бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салсақ, Цифрлық кодекстің 77-бабына сәйкес, азаматтың цифрлық кеңістігі – "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинет бөлімінің бір бөлігі. Ол азаматтарға тіркелген цифрлық оқиғалар туралы мәліметтерге қол жеткізуге, оларды қарауға, басқаруға және пайдалануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ азаматтың цифрлық деректері "электрондық үкіметтің" цифрлық объектілері арқылы сұратылған жағдайда, бұл әрекет туралы цифрлық оқиға автоматты түрде тіркеліп, азаматтың цифрлық кеңістігіне жіберіліп отырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript