Әділет министрлігі журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекітті

СМИ, средства массовой информации, масс-медиа, журналисты, журналистика, издания, пресса, корреспонденты, репортеры, медиа, репортеры, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 14:16 Фото: freepik
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №617 бұйрығымен Әділет министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеу қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидаға сәйкес, журналистерді аккредиттеу министрліктің қызметі туралы қоғамды кеңінен әрі жедел ақпараттандыру мақсатында жүргізіледі.

Тұрақты аккредиттеу журналистің тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнының орналасқан өңіріне қарамастан бір жыл мерзімге беріледі.

Министрлік тұрақты аккредиттеуге өтініш қабылдау басталғаны туралы хабарландыруды өзінің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

Министрлік жанында журналистерін аккредиттеуді қалайтын бұқаралық ақпарат құралдары хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бас редактордың немесе БАҚ меншік иесінің қолы қойылған өтінішті ұсынуы тиіс.

Өтінішке:

  • аккредиттелетін журналисттің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • журналисттің жеке деректерін пайдалануға берген келісімі қоса тіркеледі.

Тұрақты аккредиттеу туралы өтініш құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаралады.

Қарау нәтижесі бойынша министрлік өтініш берушіге жазбаша немесе электрондық түрде:

  • аккредиттеу туралы;
  • не аккредиттеуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.

Аккредиттелген журналист:

  • министрліктен алынған ақпаратты тек өзі атынан аккредиттеу туралы өтініш берген бұқаралық ақпарат құралында жариялауға;
  • министрлік өткізетін іс-шаралардың регламентін сақтауға;
  • ерекше маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандардағы өткізу және ішкі тәртіп талаптарын орындауға міндетті.

Министрлік өткізілетін әрбір іс-шараның регламентін жеке бекітеді.

Тұрақты аккредиттеуден бас тартуға мынадай негіздер болады:

  • бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын немесе оның шығарылымын тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
  • қағидада көзделген қажетті құжаттардың ұсынылмауы;
  • бұқаралық ақпарат құралдарының есепке қойылған тізілімінде БАҚ-тың болмауы.

Журналист тұрақты аккредиттеуден заңсыз бас тартылған жағдайда, бұл шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

Журналисті тұрақты аккредиттеуден айыруға мынадай негіздер көзделген:

  • бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының немесе меншік иесінің журналисті тұрақты аккредиттеуден айыру туралы себептері көрсетілген өтініші;
  • журналист (БАҚ өкілі) таратқан және министрліктің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
  • бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын немесе оның шығарылымын тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
  • осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген талаптарды екі және одан да көп рет бұзу.

Министрлік мұндай негіз анықталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралын журналистің аккредиттеуден айырылғаны туралы себептерін көрсете отырып хабардар етеді.

Журналист алты ай мерзімге тұрақты аккредиттеуден айырылады.

Журналистерді (БАҚ өкілдерін) бірыңғай медиаплатформа арқылы жеңілдетілген тәртіппен аккредиттеу кезінде оларға аккредиттеу карталары беріледі.

Сонымен қатар журналистерді уақытша аккредиттеу қағидалары да бекітілді.

Бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: