Ерекше тәртіппен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар бірыңғай ұйымдастырушылар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін

Госзакупки, госзакуп, государственные закупки, государственный бюджет , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2026 09:15 Фото: Zakon.kz
Қаржы министрлігі ерекше тәртіппен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы құжат жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, ерекше тәртіппен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар белгіленген шекті сомадан асқан жағдайда оларды мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асыратын болады. Яғни мұндай сатып алуларды жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу басқармалары өткізеді.

Әңгіме Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары орталықтандырылған тәртіппен жүзеге асыратын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесінде белгіленген шекті мәндер туралы болып отыр.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл өзгерістер мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Құжат жобасы 30 шілдеге дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: