Мемлекеттік сатып алуда энергия тиімділігіне қойылатын талаптар күшейеді

Линии электропередач, электричество, электроэнергия, электроэнергетика, цены на электричество, цены на электроэнергию, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2026 16:12 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 13 тамыздағы бұйрығымен, мемлекеттік сатып алу кезінде энергия тиімділігіне қойылатын талаптар кеңейтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергия тиімділігіне қойылатын талаптар мына тауарларға қолданылады:

  • коммерциялық мақсаттарда (өндірісте, сауда және қызмет көрсету салаларында) пайдаланылуы мүмкін, көлемі 1 500 литрден аспайтын тұрмыстық тоңазытқыш құрылғылар (тоңазытқыштар, мұздатқыштар және олардың құрамдастырылған түрлері);
  • электр шамдары;
  • номиналды кернеуі 250 Вольтқа дейін қоса алғанда электр желісінен қоректенетін және тұрғын үй-жайлар мен кеңсе ғимараттарында пайдалануға арналған теледидарлар;
  • коммерциялық мақсаттарда (өндірісте, сауда және қызмет көрсету салаларында) да пайдаланылуы мүмкін, номиналды кернеуі 250 Вольтқа дейін қоса алғанда айнымалы ток желісінен қоректенетін тұрмыстық автоматты кір жуғыш машиналар, сондай-ақ электр желісінен қоректенумен қатар электр батареяларынан жұмыс істей алатын кір жуғыш машиналар. Кір жуғыш-кептіргіш аралас машиналар бұған жатпайды;
  • номиналды кернеуі 230 Вольтқа дейін айнымалы ток желісінен қоректенетін, оның ішінде тұрмыстық емес мақсаттарда пайдаланылатын, сондай-ақ электр батареяларынан (аккумуляторлардан) жұмыс істей алатын және кіріктірілген тұрмыстық ыдыс жуғыш машиналар;
  • айнымалы ток желісінен тікелей, оның ішінде сыртқы немесе ішкі қуат көзі арқылы қоректенуге арналған компьютерлер мен серверлер;
  • автономды және интеграцияланған герметикалық циркуляциялық сорғылар;
  • электр жетегі бар, қуаты 125 Вт-тан 500 кВт-қа дейін қоса алғанда, қоректену кернеуі айнымалы ток үшін 1 000 Вольтқа дейін, ал тұрақты ток үшін 1 500 Вольтқа дейін қоса алғанда болатын желдеткіштер;
  • айнымалы ток желісінен қоректенетін, тоқыма бұйымдарына арналған, коммерциялық мақсаттарда да пайдаланылуы мүмкін тұрмыстық барабанды кептіргіш машиналар;
  • салқындатуға немесе жылытуға арналған номиналды қуаты 12 кВт-тан аспайтын, электр желісімен қоректенетін кондиционерлер, сондай-ақ номиналды тұтынылатын қуаты 125 кВт-тан аспайтын бөлме желдеткіштері;
  • қысқа тұйықталған роторы бар, бір жылдамдықты үш фазалы асинхронды (индукциялық) электр қозғалтқыштары. Олардың полюстерінің саны 2-ден 6-ға дейін, номиналды кернеуі 1 000 Вольтқа дейін, номиналды жиілігі 50 немесе 50/60 Гц, номиналды қуаты 0,75-тен 375 кВт-қа дейін болуы және үздіксіз жұмыс режиміне арналуы тиіс;
  • таза суды айдауға арналған автономды және интеграцияланған сорғылар;
  • трансформаторлар.

Ал жұмыстардың тізбесіне мыналар енгізілді:

  • сорғы жабдықтарын жөндеу/жаңғырту жұмыстары;
  • климаттық жабдықтар мен жүйелерді, желдету жүйелері мен жабдықтарын жөндеу/жаңғырту жұмыстары;
  • кір жууға/тазалауға арналған жабдықтарды жөндеу/жаңғырту жұмыстары;
  • энергия тиімді жарықтандыруды қамтамасыз ету жұмыстары;
  • электр қозғалтқыштарын/генераторларды және осыған ұқсас жабдықтарды жөндеу/жаңғырту жұмыстары (көлікте қолданылатын жабдықтарды қоспағанда);
  • электр қозғалтқыштарына арналған жабдықтарды енгізу/орнату/жетілдіру жұмыстары;
  • тұрғын үйлерді/құрылыстарды салу жұмыстары;
  • тұрғын үйлерді/құрылыстарды/үй-жайларды жөндеу жұмыстары;
  • тұрғын үйлерді/құрылыстарды/үй-жайларды реконструкциялау жұмыстары;
  • тұрғын үйлерді/құрылыстарды/үй-жайларды қалпына келтіру жұмыстары;
  • тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды салу жұмыстары;
  • тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды/үй-жайларды жөндеу жұмыстары;
  • тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды/үй-жайларды реконструкциялау жұмыстары;
  • тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды/үй-жайларды қалпына келтіру жұмыстары;
  • тұрғын емес ғимараттардың/құрылыстардың/үй-жайлардың жекелеген элементтерін жөндеу/реконструкциялау жұмыстары;
  • климаттық жабдықтар мен жүйелерді, желдету жүйелері мен жабдықтарын орнату/монтаждау жұмыстары;
  • компьютерлік/перифериялық кеңсе техникасын/жабдықтарын жөндеу/жаңғырту жұмыстары.

Көрсетілетін қызметтердің тізбесіне мыналар енгізілді:

  • декоративтік жарықтандыруды күтіп ұстау/қамтамасыз ету қызметтері;
  • ғимараттарды/құрылыстарды/үй-жайларды және оларға іргелес аумақтарды күтіп ұстау қызметтері;
  • жарық конструкцияларына/жарықдиодты экрандарға және осыған ұқсас жабдықтар мен конструкцияларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.

Бұйрық 2026 жылғы 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: