"Нөмір орнына KAZAK деген жазу таққан": Астанада полицейлер шетел азаматын жауапкершілікке тартты

Lexus, KAZAK, Астана, полиция, шетел азаматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2026 19:31 Сурет: polisia.kz
Астана қаласы полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында көлікті пайдалану қағидаларын бұзу фактісін анықтады. Автопатруль қызметкерлері "KAZAK" мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар Lexus автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік тізгінінде 45 жастағы шетел азаматы болған.

Тексеру барысында жүргізушінің көлікті мемлекеттік тіркеуге және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің болуына қойылатын талаптарды бұза отырып басқарғаны анықталды.

Аталған факті бойынша жүргізуші көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Автокөлік коммуналдық мамандандырылған тұраққа қойылды.

Бұған дейін Түркістан облысында полиция формасындағы алматылық блогер әдепсіз би билеп, желіде көптеп қаралым жинағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: