Қимыл-қозғалысы уақытша шектелген балалар қажетті көмекші құралдармен қамтамасыз етіледі

Инвалидность, рабочие места для инвалидов, люди с ограниченными возможностями, инвалиды, инвалидное кресло, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2026 15:06 Фото: pexels
Денсаулық сақтау министрлігі ауру салдарынан қимыл-қозғалысы уақытша шектелген балаларды техникалық көмекші және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларын әзірледі. Бұл қағидалар мүгедектігі бар балаларға қолданылмайды.

Жобаға сәйкес, балаларға кресло-арбалар, балдақтар, жүріс арбалары, таяқтар, тіреуіштер мен тұтқалар уақытша пайдалануға беріледі.

Қажетті құралдарды бала тіркелген алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы арқылы алуға болады.

Министрліктің мәліметінше, жаңа шара балаларды сауығу кезеңінде жүріп-тұруға және сүйенуге қажетті құралдармен уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл кешенді көмектің қолжетімділігін арттырып, баланың күнделікті тіршілік әрекеттерінің тұрақты шектелуі мен мүгедектіктің туындау қаупін азайтуға көмектеседі.

Басты мақсат – мүгедектік белгіленгенін күтпей, балаға қажетті көмекті дер кезінде көрсету.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Қоғамдық талқылау 16 қазанға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: