Instagram арқылы 100 млн теңге пайда тапқан әйел төрт жылға сотталды

Instagram, Ақмола облысы, Астана, құмар ойын, ұйымдастыру, әйел, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2026 17:33 Сурет: unsplash
Ақмола облысының тұрғыны материалдық баю мақсатында Instagram-да аккаунт ашқан. Жыл бойы ол хабарландырулар орналастырып, тікелей эфирде құмар ойын өткізген. Көнге тігілген бәс соммасы 100-ден 2100 теңге аралығын қамтыған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, ойын 4 қатысушы арасында өткен, ең жоғары жүлде картасы бар адам жеңімпаз болып саналды. Жеңіс сыйақысы ұйымдастырушының пайызын шегергендегі барлық ойыншылардың ұтыс сомасынан тұрды. Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 90,6 миллион теңгеден асып түскен.

Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 307-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Қала прокурорының заңсыз алынған кірісті өндіру туралы талабы қанағаттандырылды. Елорда прокуратурасы арнайы лицензиясыз интернетте құмар ойындар мен лотереяларды ұйымдастыру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын еске салады. Заңсыз ойын бизнесінен ақша табу әрекеттері (соның ішінде Instagram және TikTok) белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеліп соғады", деп ескертеді құзырлы орган.

Бұған дейін өзгелерді алдап, 106 млн теңгеден астам соманы иеленген күдікті Ресейден табылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: