Өскеменде көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан 18 жастағы жігіт асылулы күйінде табылды

Полиция, Өскемен, көпқабатты тұрғын үй, аула, 18 жас, жігіт, асылулы , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2026 19:26 Сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан 18 жастағы жігіт асылулы күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

YK-news.kz басылымының мәліметінше, осы үйдің тұрғындары аталған оқиғаның куәсі болған. Олар көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан жас жігіттің асылулы күйіндегі денесін тапқан.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі 18 жастағы жергілікті тұрғынның өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Ақмола облысында мас әйел баласын емізген күйі ұйықтап қалып, жазатайым оқиға орын алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: