Президент дарынды әрі креативті азаматтарға өз әлеуетін толық ашуы үшін жағдай жасау керек екенін айтты
Сурет: Zakon.kz
Президент елімізді инновациялық жолмен дамыту үшін Астанада және Алматыда қажетті экожүйе қалыптастыруға мән беріліп отырғанын айтты. Бірақ ол мұнымен тоқтап қалмау керек деп есептейді.
"Мен аймақтарға барғанда дарынды әрі ойы ұшқыр, яғни креативті азаматтармен үнемі кездесемін. Біз олардың өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасауымыз керек. Аймақтағы жоғары оқу орындарының негізінде біртұтас инновациялық экожүйе құру қажет. Оны нақты сектормен тығыз ынтымақтаса отырып жүзеге асырған жөн".Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұл жұмысты әр облыс орталығында жүргізу керек. Мемлекет басшысының сөзінше, Астана хабының тәжірибесін кеңінен пайдаланған жөн.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript