Жаңалықтар тізбегі
0

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметінде қалды

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметінде қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 16:05 Сурет: gov.kz
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Р.Ф.Жақсылықовты тағайындау туралы" өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат Ақорда сайтында жарияланды.

"Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалсын", - делінген бұйрықта.

1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген.

И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі (1987 жыл).

М.В. Фрунзе атындағы Әскери академия (1996 жыл).

Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстары (2004 жыл).

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Әскери атағы: генерал-полковник (2022 жыл).

Меңгерген тілдері: қазақ, орыс.

Наградалары: І дәрежелі Даңқ ордені, ІІ дәрежелі Даңқ ордені, Түркия Республикасы Қарулы Күштерінің ордені және Қазақстан Республикасы, КСРО және ТМД медальдары.

Мансап

1987–1988 жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі.

1988–1989жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі барлау взводының командирі.

1989–1992жж. – Түркістан әскери округы мотоатқыштар полкі барлау ротасының командирі.

1992–1993жж. – барлау мотоатқыштар полкінің бастығы.

1996ж. – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері гвардиялық оқу-жаттығу орталығының барлау бастығы.

1996–1997жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының штаб бастығы.

1997–1998жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің полк командирі.

1998–2000жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері жедел тағайындау полкінің командирі.

2000–2004жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерді жедел тағайындау бригадасының командирі.

2004–2006 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының командирі.

2006–2007 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары.

2007–2008жж. – қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бас штабының бастығы.

2008–2013 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысы.

2013–2014 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлердің бас қолбасшысы.

2014–2021 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.

2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылы қаңтар аралығында – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.

2022 жылғы 19 қаңтардан – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: