Қазақстан-Қытай қатынасы: саясаттанушы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапарының мәнін ашты
Саясаттанушы, "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботаревтің пікірінше, соңғы үш жылда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапармен екінші рет келуі оның елінің сыртқы саясатында қазақстандық вектордың жоғары маңыздылығын айғақтайды.
"Бұл сапарды Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) төрағалық етуінің саяси қолдау актісі ретінде де бағалауға болады. Си Цзиньпиннің Астанаға келуі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі күніне дөп түсуі бекер емес, оның ішінде бұл күн Қасым-Жомарт Тоқаев үшін де кәсіби мереке болып табылатыны белгілі. Өз кезегінде, бұл сапар екі ел басшыларының бір-біріне құрметін, сенімін және жеке қатынастарын көрсетеді". Андрей Чеботарев
Ол соңғы уақытта қазақстандық билік сыртқы саяси қызметті жүзеге асыру процесінде медиалық дипломатия құралдарын белсенді қолдана бастағанын атап өтті. Бұл дегеніміз жетекші БАҚ-та бір-бірімен кездесу алдында Қазақстан мен серіктес мемлекет басшыларының мақалаларын немесе сұхбаттарын өзара жариялау.
"Бұл материалдар негізінен олардың қолда бар түйінді нәтижелер бойынша бағалауын және екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары туралы ақпаратты көрсетеді. Мұндай медиа алмасу, мысалы, 2023 жылдың қарашасында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапары алдында жасалды. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев "Известияға", ал ресейлік әріптесі "Казахстанская Правдаға" сұхбат берді. Бұл тәжірибе Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары қарсаңында да қолданылды, оның мақаласын "ҚазАқпарат" жариялады. Қазақстан Президенті өз кезегінде "Синьхуаға" сұхбат берді". Андрей Чеботарев
Саясаттанушының пікірінше, ҚХР төрағасының Қытай мен Қазақстан экономикаларын өз құрылымы бойынша толықтыру туралы мәлімдемесі де назар аударталық. Бұл екі елдің сауда-экономикалық өзара іс-қимылы айтарлықтай деңгейде екенін білдіреді.
Айта кетейік, 2023 жылы Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болды, екіжақты сауда өткен жылмен салыстырғанда 32% - ға өсіп, 41 млрд АҚШ долларына жетті.
Қазақстаннан Қытайға экспорттың негізгі бағыттары шикі мұнай, металдар және ауыл шаруашылығы өнімдері болып табылады, ал Қытай өз кезегінде Қазақстанға машина жабдықтарын, электрониканы және тұтыну тауарларын жеткізеді.
"Осыған байланысты Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту және халықаралық автомобиль тасымалдары туралы үкіметаралық келісімдерді жақында ратификациялауы, сондай-ақ аптасына 42 жүк авиарейсін орындауға мүмкіндік беретін "ашық аспан" режимін енгізілуі кездейсоқ болған жоқ. Алдағы жоғары деңгейдегі келіссөздер мемлекетаралық өзара іс – қимылдың осы және басқа бағыттарын толықтырады деп күтілуде", - деп толықтырды сарапшы.
Бұған дейін ҚХР Төреағасының Астанаға ұшып келгінін, оны "Ақорда" резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өткенін хабарладық. Сондай-ақ, Жоғары деңгейде өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бірқатар құжаттарға қол қойғанын мәлімдедік.