ОСК 30 наурыздағы мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауға шығыстарының көлемін бекітті

Орталық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 27 ақпандағы қаулысымен 2025 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттың мәслихаттар депутаттарын сайлауда шығып қалғандардың орнына республикалық бюджеттен өтелетін шығыстарының көлемін белгіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат үшін шығыстардың мынадай мөлшерлері белгіленді:
- бұқаралық ақпарат құралдарында бағдарламаны орындау – 400 000 теңге;
- сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын басып шығаруға – 170 000 теңге;
- тасымалдау құны – 100 000 теңге.
Қаулыны Ақтөбе облысының сайлау комиссиясына жолдау ұсынылсын.
Сондай-ақ қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың шығыстарының мөлшерлері белгіленді:
- БАҚ-та бағдарламаны орындау – 240 000 теңге;
- сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын басып шығару – 120 000 теңге;
- тасымалдау құны – 65 000 теңге.
Қаулы Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстарының сайлау комиссияларына жіберіледі.
Сонымен қатар, аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттың шығыстарының мөлшерлері белгіленді:
- БАҚ-та бағдарламаны орындау – 240 000 теңге;
- сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын басып шығару – 120 000 теңге;
- тасымалдау құны – 65 000 теңге.
Осы қаулы Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының сайлау комиссияларына жіберіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript