Президент жаһандық сын-қатерлер туралы: Толеранттылық пен өзара құрмет әрдайым басым болуы тиіс

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 10:58 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысында әлемде "өркениет дағдарысы" деп аталып жүрген қауіпті үрдістер күшейіп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, алдыңғы съезден бері әлемде саясаткерлер мен сарапшылар "өркениет дағдарысы" деп атаған аса теріс құбылыстар үдей түсті.

"Киплинг айтқандай: "Шығыс – Шығыс, Батыс – Батыс, екеуі ешқашан тоғыспайды". Соңғы кездері ірі мемлекеттерде болған оқиғаларға қарасақ, мұндай тұжырым қисынды болып көрінуі мүмкін. Бірақ саяси факторларды, яғни биліктің мемлекеттік құрылысқа қатысты ұстанымын ешқашан ескерусіз қалдыруға болмайды. Өкінішке қарай, олардың саясаты әрдайым бейбіт дамуға, мәдениеттердің, діндердің, көзқарастардың өзара ықпалдастығына үлес қоса бермейді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, ұлтшылдық пен патриотизмнің қауіпті деңгейде астасып кетуі алаңдатушылық тудырады.

"Көз алдымызда ұғымдардың ауысуы, ең алдымен жастарды адастыруда. Сонымен қатар оңшыл-консервативті және либералдық идеологиялардың қақтығысы белең алып, бірқатар елдерде саяси тұрақсыздыққа әкелуде. Қазақстанда бұл – әлемдік деңгейдегі мәселелердің бәріне айрықша көңіл бөлінеді. Олар біздің ішкі саясатымыздың өзегінде тұр", – деді президент.

Мемлекет басшысы этносаралық, дінаралық және ұлтаралық толеранттылық пен өзара құрмет саясатын жүргізу аса маңызды екенін атап өтті.

"Мұндай саясатты, көптүрліліктегі бірлікті бұзуға, қаралауға бағытталған барлық әрекеттер, соның ішінде елімізде тұрақты тұратын халықтардың тілдерін мемлекеттік қызметте және қоғамдық орындарда еркін қолдануды шектеу талпыныстары дер кезінде тоқтатылады және "Заң және тәртіп" тұжырымдамасына сәйкес тиісті құқықтық бағаға ие болады", – деп толықтырды президент.

17 қыркүйек күні Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысы басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: