Ертең Астанаға Еуропалық кеңестің президенті Антониу Кошта келеді

Антониу Кошта, 3 желтоқсан, Астана, Еуропалық кеңестің президенті, ресми сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2025 18:43 Сурет: wikipedia/Антониу Кошта
Ертең, 2025 жылы 4 желтоқсанда Астанаға Еуропалық кеңес президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Биыл Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективасын талқылайды".

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: