Мемлекет басшысы Израиль президентіне жеделхат жолдады

Алдыңғы күні, 26 қаңтарда Мемлекет басшысы Үндістан Республикасының күніне орай премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау телеграммасын жолдады., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2026 10:01 Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 27 қаңтарда Израиль президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай телеграмма жолдады.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстан халқы Холокост жылдарында қаза болған миллиондаған жазықсыз құрбанды еске алатынын атап өтті.

"Еліміз этникалық және діни өшпенділік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қатаң айыптайды, адамзатқа қарсы мұндай қылмыстың қайталануына жол бермеу жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың ортақ күш-жігерін қолдайды. Қазақстан Холокост жылдарында жер аударылған көптеген еврейге мекен болды. Бүгінде еврей қауымдастығы қоғамымыздың ажырамас бөлігі саналады", – делінген жеделхатта.

Алдыңғы күні, 26 қаңтарда Мемлекет басшысы Үндістан Республикасының күніне орай премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау телеграммасын жолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: