Президент корпоративтік еріктілер қозғалысын дамытуға шақырды
Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 30 қаңтарында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев корпоративтік волонтерлік қызметтің маңыздылығын атап, бизнес өкілдеріне осы бағыттағы жобаларды қолдауға шақырды.
"Корпоративтік еріктілер қозғалысын дамыту – өте маңызды міндет. Бизнес әлеуметтік жауапкершілікті сезіне білуге тиіс. Мемлекетіміз ұлттық буржуазияны үнемі қолдауда, ал біздің кәсіпкерлер халқымызға қамқор болып, әрдайым көмектесуі керек", – деді Президент.
Мемлекет басшысы тарихтан мысал келтіріп, бай азаматтардың мектеп салу, оқу-ағарту ісін дамыту, кітаптар мен газет-журнал шығару арқылы халықтың білімін көтеруге үлес қосқанын атап өтті.
"Бір сөзбен айтқанда, ұлттың бойында, болмысында жаңа қасиеттер қалыптастыруға белсене атсалысқан", – деді Президент.
Қазіргі уақытта да көптеген жомарт азаматтар қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар шараларға еріктілерді тартуда.
"Бизнес өкілдері корпоративтік волонтерлік қызметке назар аударып, осы бағыттағы жобаларға барынша қолдау көрсетуі керек. Қызметкерлердің қоғамдық жұмысқа белсене атсалысуына жағдай жасау қажет. Мемлекет жұртқа жақсылық жасап, қоғамдық істерге ұйытқы болып жүрген кәсіпкерлерді қолдайды", – деді Тоқаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Мейірім" орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын атап, бұл марапаттың халыққа қамқор, отаншыл азаматтарға деген шынайы құрметтің белгісі болатынын жеткізді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript