Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа автожол салу жоспарлануда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хүрэлсүх арасындағы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар маңызды бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2026 14:33 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хүрэлсүх арасындағы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар маңызды бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараптар ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, цифрландыру, тау-кен саласы, туризм, көлік-логистика және өңіраралық байланыс бағыттарындағы өзара тиімді серіктестіктің перспективаларын қарастырды.

Мемлекеттер басшылары Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандырудың маңызын атап өтіп, нақты инфрақұрылымдық жобаларға да тоқталды. Атап айтқанда, Астана – Ұлан-Батыр және Өскемен – Өлгей бағыттары бойынша әуе рейстерін қайта ашу, сондай-ақ екі ел арасында тікелей автокөлік жолын салу мәселелері талқыланды. Осы мақсатта Үкіметаралық жұмыс тобын құру ұсынылды.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентіне Баян-Өлгей аймағында Қазақстан консулдығын ашуға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар, тараптар білім беру, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін де қарастырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: