Режеп Тайип Ердоған: Жаңа Конституция Қазақстанның бірлігін одан әрі нығайтады

Қадірлі бауырыммен өткізген кездесуде саудадан бастап энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ жаһандағы өзекті мәселелер секілді көптеген тақырыпта пікір алмастық. Біз сауда айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенімізді растадық. Осы орайда 15 сәуірде Астанада өткен Үкіметаралық экономикалық комиссияның 14-ші отырысында қабылданған 67 тармақтан тұратын Іс-қимыл жоспарын жүзеге асырудың маңызына тоқталдық. Инвестиция саласында компанияларымызды ынталандыруды жалғастырамыз. Бүгінгі бизнес-форум сияқты іскерлік ортаны біріктіретін іс-шаралар екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайту тұрғысынан аса маңызды деп санаймын, – деді Түркия Президенті., сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2026 14:30 Сурет: akorda.kz
Қазақстан–Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстандағы республикалық референдумда халық қолдауына ие болған жаңа Конституция елдің ынтымағын одан әрі арттыра беретініне сенім білдірді.

Түркия көшбасшысы екі ел арасындағы қарым-қатынас кеңейтілген стратегиялық әріптестік аясында барлық бағыт бойынша нығайып келе жатқанын атап өтті.

"Қадірлі бауырыммен өткізген кездесуде саудадан бастап энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ жаһандағы өзекті мәселелер секілді көптеген тақырыпта пікір алмастық. Біз сауда айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенімізді растадық. Осы орайда 15 сәуірде Астанада өткен Үкіметаралық экономикалық комиссияның 14-ші отырысында қабылданған 67 тармақтан тұратын Іс-қимыл жоспарын жүзеге асырудың маңызына тоқталдық. Инвестиция саласында компанияларымызды ынталандыруды жалғастырамыз. Бүгінгі бизнес-форум сияқты іскерлік ортаны біріктіретін іс-шаралар екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайту тұрғысынан аса маңызды деп санаймын", – деді Түркия Президенті.

Кеңес отырысында Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыпов баяндама жасады.

Ал Түркия тарапынан Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Сауда министрі Болат Өмер сөз сөйледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: