Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесу өткізді
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 29 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты. Кездесу барысында президенттер стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан қазақ-тәжік қатынастарының қазіргі деңгейін жоғары бағалады. Тұрақты саяси диалогтың, сондай-ақ екі елдің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді байланыстардың маңызы да атап өтілді. Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуге, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыруға баса назар аударылды".
Сондай-ақ мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар алдағы көпжақты форматтағы бірлескен іс-шаралардың кестесін талқылады.
Бұған дейін Астанада "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық турнирі жалауын көтергені, оның ашылу салтанатына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан президенттерінің қатысуы сайыстың беделі мен саяси-мәдени салмағын арттыра түскені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript