Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрі Петер Мадьярға Әулие Иштван күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2026 11:01 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрі Петер Мадьярға Әулие Иштван күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Петер Мадьяр мен барша мажар халқын ұлттық мерекемен құттықтады.

Мажарстанның бай мәдени мұрасынан бастау алатын бұл айтулы мейрам ұлт бірлігі мен ынтымағының жарқын белгісі, мажар халқының мақтанышы саналады, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті түрлі бағытта одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Петер Мадьярдың жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас мажар халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: