Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос президентін елорда әуежайынан өзі шығарып салды

Тоқаев Лаос президентін елорда әуежайынан өзі шығарып салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2026 14:59 Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 4 қыркүйекте Лаос президенті Тхонглун Сисулиттің Қазақстанға жасаған ресми сапары аяқталды. Мәртебелі мейманды Астана әуежайынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жасаған ресми сапарын аяқтаған Лаос президенті Тхонглун Сисулитті елорда әуежайынан шығарып салды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Президенттің баспасөз қызметі тиісті фото және бейнежазбаларды жариялады.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Лаос президенті Тхонглун Сисулит Қазақстанға ресми сапармен келген еді. Мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алып, ресми қарсы алу рәсімі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті.

Кейін Қазақстан мен Лаос президенттері шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Бұдан соң екі ел басшыларының қатысуымен қол қойылған үкіметаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: