Қазақстан мен Корея 2027-2030 жылдарға арналған кешенді бағдарлама әзірлейді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Корея арасында жалпы сомасы 19 млрд долларға жуықтайтын 80-ге жуық коммерциялық келісім жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 16:54 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Корея арасында жалпы сомасы 19 млрд долларға жуықтайтын 80-ге жуық коммерциялық келісім жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, Орталық Азияның жиынтық ішкі жалпы өнімінің шамамен 60%-ы және аймаққа тартылатын тікелей шетелдік инвестицияның 70%-ға жуығы Қазақстанға тиесілі.

"Орталық Азияның экономикалық дамуы мен өркендеуіне еліміздің қосқан елеулі үлесін осы көрсеткіштен аңғаруға болады. Сапар аясында екі ел арасында сомасы 19 миллиард долларға жуықтайтын 80-дей коммерциялық келісімге қол қойылды. Бұл – құрғақ мәлімдеме немесе қазіргі тілмен айтқанда, қағаз жүзінде қалатын мәміле емес, іске асатын нақты жоспарлар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Үкімет бизнес-жобалардың уақтылы орындалуын жіті қадағалайтынын айтты. Қазақстан Үкіметі бірлескен жобаларды сапалы жүзеге асыру үшін корей кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетеді.

Осы мақсатта Қазақстан мен Кореяның 2027-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі кешенді бағдарламасы әзірленеді.

Мемлекет басшысы Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту және шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.


"Елімізде бизнес бастауға ниетті инвесторларға артықшылықтар ұсынатын Altyn Visa бағдарламасының енгізілуі – маңызды қадамның бірі. Корей кәсіпкерлері, жалпы корей бизнесі осы артықшылықтарды белсенді түрде пайдаланады деп ойлаймын", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін әлеуеті зор бағыттарға тоқталып, өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды негізгі басымдық ретінде атады.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Корея жалпы құны 4 млрд доллардан асатын 51 жобаны жүзеге асырып жатыр.

Президенттің айтуынша, былтыр Қазақстанда 170 мыңнан астам автокөлік шығарылып, өндіріс көлемі шамамен 18%-ға өсті. Бұл көрсеткішке Hyundai және Kia зауыттары айтарлықтай үлес қосты.

"Мұның бәрі – локализацияны арттыруға, қосылған құны жоғары технологиялық өнімдер шығаруға бағытталған жұмыстың берік негізі. Локализация үдерісін мұқият бақылап отырмын. Әрине, бұл бір күннің шаруасы емес. Дегенмен алға қарай қадам баса бергеніміз жөн", – деді Мемлекет басшысы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: