Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенге барды: Президент Бавария басшылығымен және бизнес өкілдерімен кездеседі

Германияда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 30 қыркүйекте Мюнхенге барды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 14:45 Сурет: akorda.kz
Германияда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 30 қыркүйекте Мюнхенге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Бавария үкіметі мен парламентінің (Ландтаг) басшылығымен, сондай-ақ бизнес өкілдерімен кездеседі.

Бұдан бөлек, Президент Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылуына қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қыркүйекте Германияның федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен осы елге ресми сапармен барған еді.

29 қыркүйекте БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы Германия канцлері Фридрих Мерцті 2027 жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: