Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Бельгия королі, Филипп, патшайым, Матильда, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2026 17:35 Сурет: Instagram/belgianroyalpalace
2026 жылы 14 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы шығарып салды. Астанадағы ресми сапар аяқталғаннан кейін ақсүйек жұп Алматыға аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағдарлама бойынша ақсүйек жұп Ядролық физика институтына ат басын тіреді, онда оларға бельгиялық IBA компаниясы әкелген циклотрон көрсетілді. Бұл технология медициналық визуализацияда, соның ішінде онкологиялық ауруларды анықтауда қолданылатын радиоизотоптарды жасап шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар аса мәртебелі шетелдік қонақтар ат шоуын тамашалап, дәстүрлі киіз үйге бас сұғып, Қазақстанның бай көшпелі мұрасымен танысты.

Бельгия королі сарайының Instagram-дағы ресми парақшасы мемлекеттік сапар Алматы өнер музейімен, яғни шығармашылық сипатта түйінделгенін нақтылайды.

Олар қазақстандық және шетелдік суретшілердің, соның ішінде Фернан Леже, Ричард Серра және Яёи Кусаманың заманауи өнер туындыларымен танысты. Сонымен қатар сапар бағдарламасына Брюссельде жұмыс істейтін суретші Ула Сиклдің "Clay Bodies" би перформансы да енді.

Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен 2026 жылғы 11 қазанда келді. Мәртебелі меймандарды елорда әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

12 қазанда Ақордада ресми қарсы алу рәсімі өтті, содан кейін Тоқаев мәртебелі меймандармен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізіп, бірлескен мәлімдеме қабылдады.

13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев корольдік жұпқа Ұлттық музейді және асыл тұқымды жылқыларды көрсетті.

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен король Филипп қазақ-бельгия Іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: