Еуропа чемпионатының соңғы күнінде қазақстандық велошабандоздар төрт медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Шосседегі велоспорттан Азия чемпионатының соңғы күнінде төрт велошабандоз Қазақстан құрамасының қоржынына түрлі номинациядағы медальдар қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшылар топтық жарыстың стартына екі категория бойынша шықты: әйелдер-элита және әйелдер-андералар.
Андер түрінен өткен жарыста қазақстандық Ақпейіл Осым жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды. Тағы бір қазақстандық қатысушы Светлана Пащенко күміс медальмен марапатталды. Үздік үштікті өзбекстандық велошабандоз Янина Кускова түйіндеді.
Элиталық категорияда Махаббат Үмітжанова және Анжела Соловьева сәйкесінше екінші және үшінші орындарға ие болды. Жарыстың көшбасшысы вьетнамдық спортшы Ти Нгуен болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript