Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын қорғап қалды
Жәнібек Әлімханұлы үшін бұл 13-ші жекпе-жегіндегі 13-ші жеңісі.
Жәнібек Әлімханұлы өз мансабындағы 12 раундқа созылған бұл бірінші жекпе-жек екенін айтты.
Бұл - бокс. Әрине, бұл араға спортшылар 100% мықты дайындықпен келеді. Қарсыласым да өте жақсы дайындалып келіпті. Өзім басым түстім. Бұл - менің алғашқы 12-раундым. Әлі үйренетін нәрселер барым көрсетті. Қателіктермен жұмыс жасаймыз.Жәнібек Әлімханұлы
Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дензел Бентли WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына таласады.
Өз кезегінде Дензел Бентли алғашқы раундтарда неге сылбыр болғанын түсіндіріп, реванш сұрады.
Оқи отырыңыз: Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді
Бұл - менің кемшілігім емес. Қарсыласымның ойын өрнегін бағалап, кемшілігі неде екенін, алда соны ұтымды пайдалану үшін бастапқы раундтарда сылбыр жүрдім. Реванш алсам деймін. Менің 12 раундқа дейін баруымның өзі көп нәрсені байқатса керек. Мен Әлем чемпионы боламын деп ойладым. Қазылар алқасының шешімі ғой. Дегенмен бұл мені мойытпайды. Әлем чемпионы болғанша шаршы алаңда өнер көрсете беремін! Дензел Бентли
Тағы да оқи отырыңыз: Үшінші алтын медаль! Айбек Оралбай - Азия чемпионы