Астанадағы бокс кеші: Вице-чемпион Серік Теміржанов қарсыласына жол берді

Серік Теміржанов, бокс, Астана, IBA, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2023 21:47 Сурет: kfb.kz
Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Астанада өткен "IBA-ның Чемпиондар түні" шоуында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Теміржанов Сербия өкілі Павел Федоровпен жекпе-жек өткізді. 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан қос боксшы рингте алты раунд жұдырықтасты. елді. Бұл жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша Федоров жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Серік Теміржанов - 2021 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Өткен жылы отандасымыз Азия чемпионатының күміс медалын иеленген болатын. Оның қарсыласына келетін болсақ, Павел Федоров Ресей чемпионатының күміс және қола жүлдегері, сондай-ақ Сербия чемпионы болып табылады. 

Айта кетсек, ел астанасында "IBA-ның Чемпиондар түні" бокс кешінде 8 жекпе-жек өткізу жоспарланған. Олардың әрқайсысы үш минуттан алты раундқа есептелген. Аталған бокс кешінің басты оқиғасы - Данияр Елеусінов пен ОАР өкілі Джабулани Макхенстің жекпе-жегі. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: