Бокстан лицензиялық турнир: бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан лицензиялық турнирдің кезекті жарыс күні басталады. Zakon.kz назарларыңызға бүгін шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшылар тізімін ұсынады.
- 66 келі: Наталья Богданова — Бальбуэна (Аргентина), 16:30;
- 80 келі: Нұрбек Оралбай - Прева Падабаби (Того), 17:30;
- 50 келі: Алуа Балқыбекова - Клаудия Тотова (Чехия), 19:30;
- 57 келі: Махмұд Сабырхан - Суктет (Таиланд), 17:30.
Айта кетейік, кеше шаршы алаңға шыққан үш боксшымыз - Жайна Шекербекова, Римма Волосенко және Мұхамедсабыр Базарбайұлы жеңіліп қалған болатын. Ал Асланбек Шымбергенов пен Айбек Оралбай келесі кезеңге жолдама алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript