Юлия Путинцева да Мадридтегі турнирдің 1/8 финалына шықты

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2024 17:16 Сурет: wtatennis.com
Қазақстанның екінші, әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцева Мадридтегі "Мастерс" турнирінің 1/16 финалындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы әлемнің 56-ракеткасы, америкалық теннисші Кэролайн Доулхайдпен кездесті.

Путинцева қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен қапы қалдырды.

1 сағат 7 минутқа созылған ойын барысында бес брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Енді қазақстандық теннисші жарыстың төртінші айналымында ресейлік спортшылар Анастасия Павлюченкова мен Дарья  Касаткина арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина дәл осы турнирдің төртінші айналымына шыққанын жазған едік. Ол үшінші айналымда мысырлық теннисші Майар Шерифті екі сетте 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: