Әбиба Әбужақынова: Олимпиада медалінсіз тұрмысқа шықпаймын
Сурет: Instagram/abiba48
Әбиба Әбужақынова еліміздегі телеарнаның бірімен кәсіби және жеке жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сүбелі сұхбат 1 желтоқсанда Qazaqstan телеарнасының "Әйел әлемі" бағдарламасында жарық көрді. Әбибаның айтуынша, моральдық-психологиялық тұрғыдан ол әлі күнге дейін Олимпиада ойынындағы сәтсіздігінен қынжылады.
"40-қа келсем де, 50-де болсам да Париж Олимпиадасындағы жеңілістің ащы дәмін ұмытпаймын. Бала кезімнен спортшы болу үшін көп нәрседен бас тарттым. Отбасылық мерекелер, той-жиындар бәрі менсіз өтті. Сондықтан менің қазіргі басты міндетім — келесі Олимпиада ойындарына ден қою",- деді спортшы.
Сөз арасында бағдарлама жүргізушісі спортшының отбасылық тұрғыдағы жоспарларын сұрады.
"Әйел адамның бақыты отбасында екенін білемін, бірақ мен алдымен спорттағы арманымды орындауым керек. Олимпиала медалінсіз тұрмысқа шықпаймын", — деп түйіндеді дзюдошы.
Оның айтуынша, ода әртүрлі медальдар жиынтығы бар, бірақ бақытты болу үшін Олимпиада медалі жетіспей тұр.
Бұған дейін қазақстандық спортшылардың 2-8 желтоқсан аралығында қандай жарыстарда бақ сынайтындығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript