IX қысқы Азия ойындары: 6 ақпанға арналған жарыс кестесі

Ертең, 2025 жылы 6 ақпанда шайбалы хоккейден Қазақстанның қыздар құрамасы Тайпей командасымен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Харбинде өтіп жатқан Азия ойындарының төртінші күнінде Қазақстан құрамасы екі спорт түрінен бақ сынайды.
Керлинг - аралас жұп:
Қазақстан-Қырғызстан - сағат 07-00;
Қазақстан-Филиппин - сағат 15-00.
Бұл спорт түрінен Әмина Сейітжанова мен Әзізбек Нәдірбаев еліміздің намысын қорғайды.
Шайбалы хоккейден Қазақстанның қыздар құрамасы Тайпей командасымен кездеседі - сағат 16-30.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы керлингтен 2025 жылғы Азия ойындарында алғашқы жеңісіне ие болғанын жазғанбыз. Сондай-ақ хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Қытайды ойсырата ұтқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript