Елордадағы Grand Slam турнирі: Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі қола жүлдемен толықты

Қазақстан құрамасының балуандары Марат Байқамұров пен Бақжан Байтас Астанадағы Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінде жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Марат Байқамұров 100 келіге дейінгі салмақта ливандық Карамноб Сагаиповпен кездесті. Нәтижесінде Байқамұров қосымша уақытта иппонмен жеңіске жетті.
Ал, Бақжан Байтастың қарсыласы ресейлік Адам Сангариев жарыстан өз еркімен бас тартты. Осылайша отандасымыз қола жүлдегер атанды.
Сондай-ақ, бүгін 100 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде Ерасыл Қажыбаев Хега Отамен өзара мықтыны анықтайтын болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript