Рыбакинаның Римдегі турнирде қанша ақша тапқаны белгілі болды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-ші орын) Римдегі (Италия) турнирдің үшінші айналымындағы матчта канадалық Бианка Андреескадан (121-ші орын) сенсациялық түрде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sports.kz мәліметінше, Рыбакина үшінші айналымға қатысқаны үшін 38 313 Еуро (22 млн 236 мың 482 теңге) табыс тапты. Сондай-ақ, спортшы 65 рейтингтік ұпай алады.
Елена 2023 жылы бұл турнирде жеңіске жеткен болатын, алайда 2024 жылы ол көрсеткішті қайталай алмады. Ал, биылға жарысты Рыбакина неміс теннисшісі Ева Листі жеңуден бастады (63-ші) – 7:6, 6:2.
Бұған дейін Рыбакинаның командаға жаңа фитнес жаттықтырушысын алғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript